• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жастарды жеңіске жетелеген Жәмила

    Бүгін Алматы қаласындағы №8 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебініне жол түсіп бас сұққан едім. Бұл спорт мектебінде жаттығып жатқан жасұландар еліміздің абыройын әлемдік жарыстарда табысты қорғап жүрген дарынды жастар. Негізі «Ел іші — кен іші», демекші қазақ даласы таланттарға тұнып тұр. Тек оларды тани білетін, жігерін қайрап жани білетін мамандар болса болғаны.

    «Бұлақ көрсең көзін аш», деген бабаларымыз, бойынан өнері тасып, дұрыс жолда жұмсай алмай тасада қалып жатқан қаншама қаракөз жастармыз бар. Дегенменде «Алтын күлдің арасында жатса да жылтырап жатады», демекші, алдына мақсат, меже қоя білген тума таланттар бір жерден тесіп шығары анық. Міне, сондай таланттарды тауып алып, бағын ашып жататын шаhарымызда спорт мектептері бар. Солардың қатарында Алматы қаласындағы №8 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ерекше тоқаталаған орынды.

    Бұл мектепті  өз ісінің маманы, жастарға бойына қазақы намысты құя білетін, ерлер көтерер ауыр жүкті өзі көтере білетін, білікті басшы, ісіне көркі сай  Жәмила Танабаева ханым басқарады. Мен Жәмиланы көп жылдан бері жақсы танимын. Өз ісіне адал берілген жан болса мен Жәмиланы айтар едім. Сүйген ісінің сүйенішін көріп отырған Жәмила «Тынымсыз, табанды еңбек етсең ғана мұратыңа жетесің», деген қаиғданы берік ұстаған жанның бірі. Сондықтанда ол өз шәкіртеріне таңдаған спорт түріне үлкен құрметпен қарап, ел намысы үшін тер төгу жолында жылдар бойы жиған тәжірбесін барынша беріп келеді.

    Тағы бір айтар жай, мен Жәмиланы өзімнің туған анам Рәпияға ұқсатымын. Анам 40 жыл бойы ауыл клубында халыққа кино қойып тынбай еңбек етіп, жемісін көре білген жан еді. Сол себептен қазақ әйелдері арасынан тұңғыш киномекханик болып аты қалды. Анам марқұмнан адам өз мамандығына жауапкершілікпен қарап, жан тәнімен беріліп жұмыс жасағанда ғана жемісін көретіндігін көріп білім өстім. Ол кісінің бойындағы еңбекқорлық пен мейірімділікті, адалдық пен мол тәжірбиені мен бүгін Жәмиланың бойынан көргендей боламын. Иә, әрқашанда осы мектеп пен Жәмила ханымның спорт саласындағы ірі жетістіктеріне қарап қуанамын. Өйткені, Жәмиланың шәкірттері қазіргі таңда әлем жарыстарында үлкен нәтижелермен еліміздің мерейін өсіруде. Міне, жақында ғана тағы бір екі спортшы құзға өрмелеу спортынан әлем бәсекесінде Қазақстанның намысын қорғап жатыр.

    Хош, сонымен мен айтулы мектепке келгенде көптеген тосын табыстардың күәсі болдым. Негізгі мақсатым жуырда ғана жарық көрген «Ізгілікпен өрілген өмір» атты қазақ спортындағы 30 жылдық еңбегім сарапталып жазылған кітабымның бір парасының кейіпкері Жәмила Танбаевамен кездесіп, кітаппен қоса Құрмет дипломын табыс ету еді. «Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан шығады», демекші Жәмила  өз жұмыс орнында екен. Жақсы адаммен жүздесең жаның жадырап қалары сөзсіз ғой. Екеуара әңгімеміз қазақ спортының төңірегіндегі майталандары мен айтулы спорт мектебінің бүгінгі күнгі жетістіктері туралы болды.

    Тартымды әңгімеміздің соңында мен төл кітабымның шығуына жәрдемдескен аялуы қыз Жәмилаға Құрмет дипломын тарту еттім. Осылайша қазақтың спорт десе жанын беретін, қазақтың дарынды жастарының бойына намыс ұялатып, жігерін қайрап отырған білікті басшы, білгір маман Жәмила Танабаева мен естелікке суретке түсіп, жылы қоштасып шығып кеттім. Жолда кетіп бара жатып, кешегі батыр қыз Томирис, қыз Жібек пен Баян сұлу, қыз Құртқа мен Ақжүніс, Назым және Гүлбаршын арулар ел қорғаған батырларға әрі серік әрі жар болып қана қоймай, ел басына күн туғанда атқа қонып қолына қару ұстап елін қорғады. Ал, бүгінгі бейбіт өмірдің еңбек майданынында қазақтың қайсар қыздары қоғамда белсенділік танытып, түрлі салаларда озып алға шығып келеді. Солардың бір бірегейі Жәмила Танабаева секілді қаракөздеріміз көп болса ел спортының еңсесі биіктей түсер еді ғой деген ойда қалдым.

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    3 пікір

    1. Алексей

      Очень интересная информация. На Европейском проспекте есть хороший частный детский садик — https://sadik-spb.ru/sadik_na_evropejskom . Наши двое туда ходят с привеликим удовольствием, в отличие от обычного сада возле дома, куда попробовали сначала походить.

    2. Никита

      Добрый вечер спасибо за информацию. А мы ходим вот в этот частный садик https://sadik-spb.ru . Все супер! И развивающие занятия, и качественное четырехразовое питание, а по деньгам выходит совсем недорого, не больше, чем если бы самому с ребенком заниматься и кормить.

    3. Валерий

      Большое спасибо вам за информацию. Современный дизайн интерьера премиум-класса — это грамотный подход, превращающий обычное пространство в нестандартное и инновационное. Московская студия дизайна https://sovross.ru/articles/2316/58293 эффективно создает такие проекты интерьеров, используя соответствующие инженерные приемы, знания сочетаний цвета и текстиля, чтобы сделать Ваше пространство домашним и современным. Одним из важнейших качеств дизайнеров студии является умение оптимально планировать пространство в полном соответствии с потребностями клиента. Наши специалисты выполнят замеры, подберут стиль дизайна и проект согласуют с заказчиком, составив соответствующий договор.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *