• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокс: Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та шаршы алаңға шығады

    Қараша айында боксшы Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді. Ол 5 қараша күні Миннеаполис қаласында Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл жекпе-жегінің андеркардында WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шығады.

    Бұл — оның кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Қазір Абылайхан Жүсіпов пен Айдос Ербосынұлы АҚШ-қа келіп, жекпе-жекке дайындалып жатыр.

    Айта кетсек, Абылайхан Жүсіпов — әуесқой бокста Қазақстанның ұлттық құрама командасының капитаны болып, 3 мәрте әлем чемпиоантының қола жүлдегер атанған.

    Ал Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін қолғап түйістіреді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *