• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты: Қазақстан каратэшілері алтын жүлде алды

    Қазақстан каратэшілері Түркияның Конья қаласында өткен әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

    Бұл додаға әлемнің 105 елінен 1900 спортшы қатысып, күш сынасты. Онда Максим Москвичев жасөспірімдер арасында 61 келі салмақта топ жарды. Тағы бір отандасымыз Әлихан Қадырғали кадеттер арасында 70 келі салмақта сынға түсіп, жеңіс тұғырынан көтерілсе, жарысқа 55 келі салмақта жасөспірімдер арасында қатысқан Бэлла Самашева  күміс жүлдеге ие болды.

    Сонымен бірге тағы бір спортшымыз Алишер Тайжанов 76 келіден аса салмақта қола жүлдені жеңіп алды.

    Қазақстандықтар тек кумите бағдарламасында жүлдеге ие болды. Жалпы мұнда 40 мемлекеттің өкіліне ғана медаль бұйырды. Жапония құрамасы 11 жүлдемен (8 алтын, 3 қола) жеке дара көш бастаса, жарыс қожайыны Түркия (4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль) екінші орын алды. Одан кейінгі орындарға Египет пен Алжир жайғасты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *