• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Үлкен дулыға» турнирі: дзюдошылардың тізімі жарияланды

    4-6 қараша аралығында Әзербайжанның астанасы Баку қаласында дзюдодан «Үлкен дулыға» кезеңі өтеді. Кезекті татами төріндегі бәсекеде 63 елдің 400-ге жуық спортшысы күш сынасады.

    Оған Қазақстан командасы мына құрамда қатысады:

    Ерлер – Бауыржан Нарбаев (-60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг), Данияр Шамшаев (-73 кг), Абылайхан Жұбаназар (-81 кг), Ерқанат Молдағұлов (-100 кг), Жамбыл Тұрғынәлиев (+100 кг);

    Әйелдер – Самалай Ерғалиева (-63 кг), Аруна Жангелдина (-78 кг), Назерке Тілеуханова (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг);

    Мұнда ерлер арасында ең көп спортшы 73 келіге дейінгі (39 адам), әйелдер арасында 70 келіге дейінгі салмақта (34 адам) тіркелген. Бұдан кейінгі кезең 3-4 желтоқсанда Жапонияның астанасы Токио қаласында болады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *