• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлем чемпионаты: Лионель Месси еш жарақатсыз командаға қосылды

    Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатына дайындалу үшін БАӘ-не барып, командаға қосылды.

    Месси Әбу-Дабиге «Ювентус» клубының ойыншылары Анхель Ди Мария мен Леандро Паредеспен бірге келді.

    16 қарашада Аргентина құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен жолдастық матч өткізеді. Ал әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы «C» тобында Сауд Арабиясы, Мексика мен Польша командаларына қарсы ойнайды.

    Аргентина құрамасы 1978 және 1986 жылдары әлем чемпионы атанған. 1990 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды. Сол кезде финалда олар Германиядан 0:1 есебімен жеңілді.

    Ал биылғы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *