• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ағайынды қазақ балалары әлем чемпионы атанды

    Ағайынды жас спортшылар – Арслан Берік пен Арсен Берік джиу-джитсуден  Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан «Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship  2022» әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алды.

    Әлемдік дода 11-19 қараша аралығында өтіп жатыр. Оған әлемнің 120 елінен келген жас спортшылар қатысып жатыр.

    Бұл чемпионат AJP Tour халықаралық турнирлерінің соңғы кезеңі болып саналады. Ол – әлемдегі ең беделді бразилиялық JIU-JITSU жарыстарының бірі. Осы жарыста Арслан Берік финалда Пәкістаннан келген қарсыласын 2 минутта мерзімінен бұрын жеңсе, Арсен Берік шешуші кездесуде қарсыласының қолына ауырту тәсілін жасап, қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

    Арсланның спорттың осы түрімен айналысып келе жатқанына жарты жылдай уақыт болса, Арсен онымен 1 жыл, 6 ай айналысып келеді.

    Бұл жарыста Арсланның қарсыластары Біріккен Араб Әмірлігі, Кувейт пен Пәкістаннан болды. Ал Арсен Кувейт, БАӘ мен АҚШ-тан келген спортшылармен күш сынасты. Негізі олардың салмағында әлем чемпионатына 40 шақты спортшы қатысып жатыр. Соған қарамай, екеуі де үздік екенін дәлелдеп, чемпион атанды.

    Бразилиялық джиу-джитсудан Арслан Берік 8-9 жас аралығындағы спортшылар арасында 3-балалар санатында үздік атанған. Ал Арсен Берік 6-7 жас аралығындағы қарсыластар арасында 2-балалар санаты, сұр белбеу бойынша қарсылас шақ келтірмеген.

    Арсен Берік – түркі әлемінің екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, оның ішінде республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *