Бейбіт Жұқаев Жапониядағы Йоккаити челленджер турнирін жеңіспен бастады.
Әлемнің 315-ракеткасы, Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Жұқаев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 402-орында тұрған жапониялық Юта Шимизумен өткізді. Теннисші 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бейбіт ширек финалға шығу үшін әлемнің 173-інші, жарыстың 3-ракеткасы, тағы бір жапониялық Есуке Ватанукимен кездеседі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА