Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында жаңартылған рейтингіні жария етті.
14 жасқа дейінгілер арасында астаналық Альбина Кәкенова жылды бірінші орынмен аяқтайды. Үздік ондыққа ақтөбелік Ева Корышева (4-орын), астаналық Ариана Гогулина (8-орын) кірді.
Ал 16 жасқа дейінгілер арасында алматылық Сафина Сафиуллина мен тағы бір елордалық Темірлан Кәрім көш бастап келеді. Қыздардан алматылықтар Данайя Аманғажиева алтыншы, Полина Слепцова жетінші, Айя Нұпбай оныншы сатыға жайғасты. Бозбалалардан астаналық Вячеслав Куфельд үшінші, алматылық Тихон Сорокин сегізінші орында тұр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА