• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Отандасымыз семсерлесуден алтын жүлде алды

    Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде. Бұл туралы Ұлттық семсерлесу федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.

    Жарыстың бірінші күні спортшымыз Богдан Лукин семсерлесуден әлем кубогының жекелей біріншілігінің алтын медалін жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

    Жартылай финалда ол египеттік Шамель Юсефті 15:7 есебімен ұтып,  финалда турнир иесі өзбекстандық Тимуров Мейірханды 15:12 есебімен жеңді.

    Мұстафин Ғабидин, Георгий Тинников пен София Ақтаева 1/8 финалда жеңіліп, медальға бір қадам қалғанда жарысты тоқтатты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *