• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ күресінен әлем чемпионаты: балуандардың тізімі анықталды

    2-14 желтоқсан аралығында Астанадағы Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді.

    Әлем чемпионатына 40 елдің 350 балуаны қатысады.

    Бұл сында ел намысын Қазақстан ұлттық құрама командасының өкілдері мен «Дала Қыраны» титулының иегерлері қорғайды. Олар – Бекжан Төлепов (55 кг), Марат Нигматуллаев (60 кг), Нұр Аманшүкіров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Айдын Дартаев (82 кг), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг), Мұхит Тұрсынов (100 кг) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг).

    Биылғы чемпионатта балуандар ересектер, жастар және жасөспірімдер санаты бойынша белдеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *