• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Жанбота Алдабергенова әлем кубогының қола жүлдегері атанды

    Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді.

    Спортшы көрсеткен өнері үшін 80.04 балл алды.

    Бұл оның жарысты қола жүлдемен аяқтауына мүмкіндік берді.

    Бірінші орынды Даниэль Скотт (Аустралия) жеңіп алса, Марион Тхенолт (Канада) екінші орынға ие болды.

    Жанбота Алдабергенова —әлем кубогы бірінші кезеңінің жүлдегері, Олимпия ойындарына үш рет қатысқан (2014, 2018, 2022).

    2015 жылғы әлем чемпионатының күміс, Еуропа кубогының бірнеше дүркін иегері және жүлдегері.

    Шымкент қаласының тумасы. Қазір Алматыда тұрады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *