• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Хоккей: Қазақстан жастар құрамасы таныстырылды

    Астанада Қазақстан жастар құрамасының Норвегияда өтетін әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі аяқталды.

    Отандастарымыз IA дивизионында Франция, Дания, Норвегия, Венгрия және Словения командаларымен элиталық дивизионға кіру үшін күш сынасады.

    Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының хабарлауынша, Норвегияға ұшар алдында жаттықтырушылар құрамы кеңейтілген құрамды таныстырып, 28 хоккейшінің есімдерін атады.

    Қақпашылар: Антон Осокин, Артем Шестаков, Роман Шефер;

    Қорғаушылар: Артем Авдеенко, Данил Базко, Глеб Решетко, Семен Роев, Климентий Царев, Дмитрий Брюс, Иван Гавриленко, Александр Денисов, Аслан Жүсіпбеков, Кирилл Никитин;

    Шабуылшылар: Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Дінмұхамед Сапарбек, Семен Симонов, Никита Ситников, Даниил Цыбин, Илья Шапоров, Алмаз Мұқанов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Алдияр Нұрлан, Руслан Оспанов, Валентин Попов, Даниил Свинтальский;

    Бас менеджер — Александр Корешков.

    Жаттықтырушылар құрамы:

    Бас жаттыұтырушы – Александр Истомин;

    Жаттықтырушылар – Илдус Ғабдрахманов, Павел Глотов, Владислав Белан;

    Қақпашылардың жаттықтырушысы – Александр Кудрявцев.

    Әлем чемпионатына соңғы өтінімге 23 хоккейші кіреді: 20 ойыншы және үш қақпашы.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *