• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының тұңғыш жүлдегері атанды

    Тунисте үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Алан Құрманғалиев елімізге алғашқы жүлдені жеңіп алды.

    Алан Құрманғалиев (жаттықтырушы — Эльмира Әлиева) египеттік Года Ханамен бірге аралас разрядта жартылай финалға шығып, жүлдегерлер қатарына қосылды.

    Осылайша, қазақстандық-египеттік жұп кемінде қола жүлдеге ие болады. Олар 1/8 финалда пуэрто-риколық Энрике Риос  пен бразилиялық Сенага Ширайды жеңіп, ширек финалда франциялықтар Натан Лам мен Гаэтана Блэдадан айласын асырды.

    Сөйтіп, А.Құрманғалиев Қазақстан үстел теннисі тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері қатарынан көрінді.

    Жартылай финалдық бәсеке желтоқсанның 8-інен 9-ына қараған түні өтеді.  Осыдан кейін А.Құрманғалиев жекелей сында да бақ сынайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *