Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова Египеттің Шари-әл-Шейх қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің алғашқы айналымында өзара кездесті.
18 жастағы Жанель негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алды. Жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста Рүстемова 17 жасар командалас құрбысы Сағындықованы 6:3, 6:2 есебімен ұтты.
Жанель ширек финалға шығу үшін турнирдің 7-ракеткасы, франциялық Наийя Берекоэчэамен таласады.
Осы жарыста Рүстемова мен Сағындықова жұптық сында ширек финалға шықты. Олар ресейліктер Елизавета Машнамен және Елизавета Морозовамен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА