• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Катар университетінде Месси тұрған бөлме мұражайға айналады

    Катарда футболдан өткен әлем чемпионатынан кейін Аргентина құрамасының шабуылшы Лионель Месси тұрған бөлме мұражайға айналады.

    Катар университеті Аргентина құрамасының капитаны тұрған бөлмені шағын мұражайға айналатынын хабарлады.

    Чемпионат кезінде команда тұрған оқу орнының қалашығы Аргентина туы түстес – көк және ақ түстермен безендірілді. Онда әлем чемпиондары бейнеленген плакат, олардың қолтаңбалары бар футболкалар қойылды.

    Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны (негізгі уақытта 2:2, қосымша уақытта 3:3, — ред.) пенальтилер сериясында 4:2 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *