• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Пеле өмірден өтті

    Бразилияның атақты футболшысы Пеле 82 жасында өмірден өтті.

    Пеле 1940 жылдың 23 қазан күні туған. Оның шын аты-жөні — Эдсон Арантес ду Насименту болды.

    Ол — үш мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған жалғыз футболшы.

    Атақты футболшы ұзақ уақыт бойы онкологиямен күресіп келді. Бұл ауру оның ағзасынан 2021 жылдың күзінде анықталған.

    Қатерлі дертке қарсы күрес мақсатында бірнеше мәрте химиотерапиядан өтті. Кейіннен денсаулығы оған қарсы тұруға қауқарсыздық танытты.

    Пеле биылғы жылдың 29 қарашасында ауруханаға жатқызылды.

    Емдеудің бірнеше курсын қабылдаған еді. Дегенмен ақпарат құралдары оның денсаулығы күн сайын нашарлай түскенін хабарлады.

    Ол футболдағы алғашқы қадамын 1956 жылы Бразилияның «Сантос» командасында бастап, онда 1974 жылға дейін доп тепті.

    Ал 1975-1977 жылдарда АҚШ-тың «Нью-Йорк Космос» клубында ойнады. Екі команда сапында 560 кездесуде қарсыластар қақпасын 541 мәрте дәл көздеді.

    Ал Бразилия ұлттық құрамасы сапында 1957-1971 жылдарда 92 ойында 77 голдың авторы атанды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *