• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Биыл ТМД II ойындары өтеді

    ТМД-ға мүше мемлекеттердің өкілдері ІІ Достастық ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізіп, жарыстың ережесін бекітті.

    ТМД Атқару комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ТМД II ойындары 4-14 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Ойындар Беларусьтің 11 қаласында (Минск, Борисов, Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Могилев, Молодечно, Орша және Солигорск) спорттың 21 түрінен болады.

    ТМД ойындарына 3 мыңға жуық спортшы, жаттықтырушы, төреші, медицина қызметкерлері қатысады деп күтіліп отыр. Атап айтқанда, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның спорт делегациялары қатысады.

    Қазір Моңғолия, Қытай, Куба, Иран, Оман, Сауд Арабиясы делегацияларының кейбір спорт түрлеріне қатысуы пысықталып жатыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *