Жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Австралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччаретомен кездеседі.
Рейтингте 51-сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 43-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен күш сынасады.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик рейтингте өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович — Фокинаны жеңіп көруге тырысады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА