Теннисшілер Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова Үндістанның астанасы Дели қаласында өткен екінші санаттағы J200 DELHI жарысының жеңімпазы атанды.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Нұпбай мен Арыстанбекова 18 жасқа дейінгі арасында еліміздегі ең табысты жұп болып саналады.
Олар финалда таилық дуэтті 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Өткен жылы осы жұп ITF Juniors сериясында жеті турнирде үздік шыққан болатын. Олар осымен 10 титулды жеңіп алды.
«Жыл басында жеңіске жеткен маңызды. Қазіргі деңгейіме ризамын. Бұдан кейін де бабымда боламын деп ойлаймын. Асылжанға рахмет, додада қиын матчтар болды. Біз содан сәтімен шыға білдік», деді А.Нұпбай.
Асылжан Арыстанбекова да спорттағы әріптесіне қолдау көрмсеткені үшін ризашылығын білдірді.
«Бұл — Айя екеуміздің оныншы титулымыз. Жаңа маусым басындағы табыс тың жетістіктерге жетелейді, күш береді. Федерация мен Team Kazakhstan академиясының барлық бапкерлеріне алғыс айтамыз», — деді А.Арыстанбекова.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА