Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож Австралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады.
Осы «Үлкен дулыға» турнирінің 22-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччареттомен кездесті.
Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет ойнап, онда Рыбакина жеңіске жеткен еді.
Бұл жолы да ол қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен ұтты.
Матч бір сағат 20 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 5 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен шектелді.
Енді Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 104-ракеткасы, словениялық Кайя Йуван немесе рейтингте 185-сатыдағы франциялық Селена Яничиевичтің біреуімен таласады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА