Аралас жекпе-жек жауынгері Георгии Гаглоев Ростове-на-Дону қаласында пойыз тоқтаған сәтте өлі табылды. Жас спортшы Мәскеуден Владикавказға бет алған, деп хабарлады «КрыльяTV».
24 жастағы жігіттің өліміне не себеп болғаны белгісіз. Ростов-на-Донуға жас спортшының туыстары жолға шықты, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ММА-да Георгий Гаглоев Саймумин «Метро Люблино» Мадиев, Ибрагим Ильясов, Лейва «Виллагра» Даниел Иван секілді спортшылармен айқасынан кейін аты шықты. Үш жекпе-жекте де Гаглоев жеңіліп қалды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА