• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионаты: Қазақстан боксшыларының қарсыластары анықталды

    Бүгін Таиландтың астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан U-22 Азия чемпионатының алтыншы күні жартылай финалдық жекпе-жектер болады.

    Жартылай финалға Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларынан 11 боксшыдан шығып отыр. Қырғызстаннан 7, Таиланд пен Филиппин елдерінен 4 өкілден бар. Моңғолия, Тәжікстан және Қытайдан 3 спортшыдан болса, Индонезия мен Камбоджаның екі былғары қолғап иесі шаршы алаңға шығады. Малайзия мен Непалдан бір-бір адамнан ½ финалға қатысады.

    Оқырманның назарларына жартылай финалдық жекпе-жектерге шығатын отандастарымыз бен олардың қарсыластарының тізімін ұсынамыз:

    48 кг: Санжар Тәшкенбай – Наттхапхонг Тхуамчароен (Таиланд)

    54 кг: Махмұд Сабырхан – Жеричо Акайлар (Филиппин)

    60 кг: Талғат Сырымбетов – Пхутханет Родсук (Таиланд)

    63,5 кг: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Тулга Оюнбаатар (Моңғолия)

    67 кг: Абзал Серік – Пенх Вантхунг (Камбоджа)

    71 кг: Сабыржан Аққалықов – Довуд Махкамов (Тәжікстан)

    75 кг: Диас Молжігітов – Аиликути Кахаер (Қытай)

    80 кг: Ерасыл Жақпеков – Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)

    92 кг: Ерхат Бекзат – Нусратбек Тохиров (Өзбекстан)

    +92 кг: Аманат Сабырғали – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *