Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлемдік Grand Slam жарысына қатысады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлады.
Францияның астанасы Париж қаласында 4-5 ақпан күндері дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді. Оған әлемнің 85 елінен келген 500-ден астам балуан қатысады.
Халықаралық жарысқа еліміздің атынан 14 салмақта 28 дзюдошы татамиге шығады.
Ерлер:
60 кг: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев
66 кг: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев
73 кг: Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев
81 кг: Мадияр Сембаев, Абылайхан Жұбаназар
90 кг: Дидар Хамза, Айдар Арапов
100 килоға дейін: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас
100 килодан аса: Жамбыл Тұрғыналиев, Әділ Оразбаев
Әйелдер:
48 кг: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева
52 кг: Әйгерім Әбілқадырова, Толғанай Әбеуова
57 кг: Дана Әбдірова, Дана Құсақбаева
63 кг: Есмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева
70 кг: Анастасия Маякова, Анастасия Морозова
78 килоға дейін: Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова
78 килодан аса: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.
Бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте үздік алтылыққа енді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА