• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина әлемдік рейтингіде оныншы орнын сақтап қалды

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Mubadala Abu Dhabi Open-2023 халықаралық турнирінің ширек финалында жеңілсе де әлемдік рейтингте оныншы орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева 45-тен 43-орынға көтерілді.

    Жұптық сында әлемдік рейтингте Анна Данилина 24-тен 25-орынға, ал Елена Рыбакина 111-ден 113-орынға түсті.

    Mubadala Abu Dhabi Open-2023 турнирінің ширек финалында Рыбакина бразилиялық Беатрис Хаддад-Майямен кездекен еді. Бұл матчта бірінші сетте Рыбакина жеңгенімен, кейінгі екі сетте қарсыласына есе жіберді. Есеп — 6:3, 3:6, 2:6. Осылайша, Хаддад-Майя турнирдің ширек финалына шықты.

    Матч 2 сағат 4 минутқа созылды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *