• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан грэпплингтен ASIA OPEN-2023 турнирінің жеңімпазы атанды

    Қазақстанның грэпплинг құрамасы Астанада балалар, жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасындағы ASIA OPEN 2023 турнирінде жеңіске жетті. Жарысқа 1200-ге жуық спортшы қатысты.

    Турнирде екінші орынды Қырғызстан, үшінші орынды Өзбекстан құрамалары алды.

    Астанадағы жарыстың қорытындысы бойынша ASIA OPEN 2023 турнирінде жақсы нәтиже көрсеткен спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, олар алдағы халықаралық жарыстарға дайындалады. Ең бірінші болып олар ересектер арасындағы әлем чемпионатына барады. Ол биыл Польшада өтеді. Ал жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасындағы жарыс Грекияда өтеді.

    Грепплинг – классикалық жекпе-жек өнеріндегі (самбо, дзюдо, джиу-джитсу және еркін күрес) сияқты лақтыру және оның техникаларын қамтитын жекпе-жек түрлерінің бірі. Грэпплингтегі негізгі екпін ауыр әдістерге аударылады, соның арқасында қарсылас беріледі. Грепплинг басқа жекпе-жек өнерінен киім үлгісімен ерекшеленеді, мұнда спортшы қарсыласының киіміне жармаса алмайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *