• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазын оңай ұтты

    Елена Рыбакина Дубайда басталған турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті.

    Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан жарыста «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы және «Australian Open-2023» чемпионатының финалисі, әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина канадалық 36-ракетка Бьянка Андреескуды 6:3, 6;4 есебімен жеңді.

    Кездесу бір сағат 30 минутқа созылды. Осы уақытта отандасымыз  6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

    Осыған дейін қарсыластар бір рет кездесіп, өткен жылы Елена Рыбакина «Уимблдон» тунирінде Бьянка Андреескуді 6:4 7:6 (7:5) есебімен ұтқан еді. Ұлты румын Адрееску 2019 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында алтын жүлдегер атанған болатын.

    Енді Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездеседі. Ол алғашқы кездесуінде 2020 жылғы Австралия чемпионы, америкалық София Кенинді6:1, 6:1 есебімен оңай ұтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *