Болгарияның астанасы — София қаласында Странджа кубогы үшін өтіп жатқан халықаралық турнир аяқталуға жақын қалды. Бокс додасында жартылай финалға Қазақстаннан екі былғары қолғап иесі жартылай финалға шығып, соның біреуінің ғана жолы болды.
½ финалда 57 келі салмақтағы Оразбек Асылқұлов Арменияның өкілі Артур Базеянды 3:2 есебімен ұтып, жалғыз өзі финалға жолдама алды.
Екінші боксшымыз 75 келіге дейінгі салмақтағы Нұрқанат Райыс Болгарияның боксшысы Киван Рамиден 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА