• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Странджа кубогы: финалға шыққан жалғыз қазақ боксшысы жеңіліп қалды (ВИДЕО)

    Болгарияның астанасы – София қаласында бокстан өткен халықаралық Странджа кубогында Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанды.

    Кіші әлем чемпионаты деп те аталатын жарыста Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта түбі кубалық, Болгария өкілі Хавьер Ибаньеспен жұдырықтасты.

    Жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы Странджа кубогын 1 күміс, 1 қола медальмен қорытындылады.

    Бұған дейін Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by SPORTS.KZ (@kzsports)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *