Шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы ФИДЕ-нің Uран-при турнирінің үшінші кезеңінен кейін жалпы есепте 6-орынға көтерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Шахматшы Гран-при турнирінің Астана (30 ұпай) мен Нью-Делидегі (163 ұпай) кезеңдеріне қатысты. Ал жылдың басында Германияның астанасы — Берлин қаласында өткізілген кезеңінде ойнаған жоқ.
Енді ол мамырда Кипр астанасы Никосия қаласында өтетін шешуші кезеңге барады.
Бұл турнирде 3-4 шахматшының жалпы есепте жеңімпаз атануға мүмкіндігі сақталып тұр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА