• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Биылдан бастап спорт төрешілерінің бір күндік еңбекақысы 62,5% өсті

    2023 жылдан бастап спорт төрешілерінің еңбекақысы 62,5%-ға ұлғайды.

    Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, бір күндік еңбекақы мөлшері 8 мың теңгеден 13 мың теңгеге дейін өскен.

    Сапалы және адал төрешілік мәселесі спортшыларды даярлау мен спорттық инфрақұрылымнан кем емес. Әрине, лайықты еңбекақысыз білікті төрешілер саны өте аз болады. Сондықтан төрешілер мен спорт саласындағы басқа да мамандардың еңбекақысын көтеру жұмыстары жүріп жатыр, — деді МСМ Спорт істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

    2024 жылы спорт төрешілерінің еңбекақысы тағы 4 мың теңгеге өсіп, 17 мың теңге болады.

     

    Динара АМАНТАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *