• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Украинаның атақты боксшысы қайтадан соғысып жүр (ВИДЕО)

    Олимпиада чемпионы, WBA, WBO, IBO және IBF тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы Украина боксшысы Александр Усик қолына қайта қару алып, майданның алғы шебінде жүр. Оның Ресей әскеріне қарата оқ жаудырған кезде түскен видеосы жарияланды.

    Александр Усик былтыр Ресей қарулы күштері Украинаға басып кіргенде де қолына қару алып, Киев қаласын қорғауға қатысты. Сол кезде онымен бірге тағы бір украин былғары қолғап шебері Василий Ломаченко да жауынгерлер қатарында болды.

    Одан кейін Усик WBA, WBO, IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қорғау үшін қарулы күштерден сұранып, Ұлыбритания боксшысы Энтони Джошуамен қолғап түйістіріп, оны екінші рет жеңген. Бұл жекпе-жек былтыр 20 тамызда Сауд Арабиясының Джидда қаласында болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *