• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Катар шейхі «Манчестер юнайтед» клубын сатып алу үшін рекордтық ақша ұсынды

    Катардағы ең ірі банктердің бірі – Qatar Islamic Bank (QIB) президенті шейх Жасим бен Хамад әл Тани «Манчестер Юнайтед» клубының 100 пайыз акциясын сатып алуға ресми өтініш берді.

    Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Катар шейхі клуб үшін 5 миллиард фунт стерлинг (6,3 миллиард доллар) ұсынуға дайын.

    QIB президенті «Манчестер юнайтед» клубына барлық жағдай жасауға дайын. Футбол клубын сатып алуға тағы бір үміткер – сэр Джим Рэтклифф та өтініш білдірген, — делінген материалда.

    Қазір «Манчестер юнайтед» үшін ұсынылып отырған рекордтық ақша сомасына қарамастан, Глейзерлер отбасы «МЮ» клубын ствып алу үшін 6 миллиард фунт стерлинг жұмсауды жоспарлап отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *