• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

    Рыбакина ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Осыған дейін қарсыластар бір-бірімен үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді.

    Кездесуде бірінші партияда Ига Швентек 6:2 есебімен ұтты. Екінші сетте де Ига 4:2 есебімен алда келе жатты. Бірақ Елена қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте 7:6 (7:3) есебімен жеңді. Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған кезде Швентек жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.

    Екі сағат 19 минутқа созылған матчта Рыбакина 10 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты мүлт жібермеді.

    Осылайша, биыл Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын үш рет ұтты. Енді Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 20-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Ол ширек финалда испаниялық Паула Бадосаны 6:2, 4:6, 6:3 есебімен ұтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *