• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Рас ақпарат беріңдер»: Месси қай клубқа ауысатынын айтты

    Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси қай клубқа ауысатынын айтты. Ол Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында соңғы кезде болашақ командасына қатысты алып-қашпа әңгіменің болып жатқанын, Испанияның «Барселона» мен Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» командасында ойнамайтынын ескертті.

    Месси таңдауды АҚШ-тың MLS лигасына жасағанын мәлімдеді.

    «Барселонаға» қайтып бармаймын. «Әл-Хилал» клубының ұсынысына да келіскен жоқпын. Рас ақпарат беріңдер. Мен «Интер Майамиге» ауысамын. Бұл команда АҚШ-тың MLS лигасында ойнайды. Әлі келісімшартқа қатысты аздаған мәселе шешілген жоқ. Бірақ ауызша 100 пайызға шешіліп қойған, — деді Месси.

    Еске сала кетсек, Аргентина құрамасының шабуылшысы «Пари Сен-Жермен» клубының сапында соңғы рет 3 маусымда алаңға шықты. Сол күні ол «Клермон» командасына қарсы ойнады. Одан кейін оның қай елдің клубында ойнайтыны белгісіз болған. Енді өзі айтқандай, мәселе 100 пайызға шешіліпті.

    Ал «Әл-Хилал» клубының басшысы Мессидің ««Интер Майамиді» таңдағынан естігенде футболшыға тағы 300 млн еуро қосып бергісі келген деген бар. Сөйтіп, оған арабтар үш жылға 1 млрд 500 млн еуро төлегісі келген екен.

    Месси 2021 жылдан бастап париждік клуб намысын қорғады. Өткен маусымда аргентиналық шабуылшы 58 матчқа қатысып, 22 гол салып, 30 нәтижелі паспен көзге түсті. Ол ПСЖ-ның құрамында екі рет Францияның чемпионы болып, бір рет осы елдің суперкубогының иегері атанды.

    Месси – «Алтын доп» сыйлығын 7 рет, «Алтын бутсы» премиясын 6 рет алған тарихтағы жалғыз футболшы.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Inter Miami CF (@intermiamicf)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *