Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова келесі жылы Францияның Париж қаласында өтетін Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасының формасын отандық дизайнерлер әзірлеп, тігетінін айтты.
Былтыр Бейжіңде жалауы желбіреген Қысқы Олимпиаданың киім үлгісін ресейлік дизайнерлер жасаған еді. Енді биыл қазақстандық дизайнерлер киім үлгісін жасап береді. Олардың арасында үздік киім үлгісіне байқау өткізіледі.
Үздік дизайнға байқау 14 маусымда жарияланды.
2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Франция астанасының басты көрікті жері Эйфель мұнарасына Олимпиада алауын орнатуды жоспарлап отыр.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА