• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионаты: Қазақстан балуандары 8 медаль алды (ФОТО)

    Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасының U15 грек-рим күресінің жас балуандары 3 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.

    Атап айтар болсақ Диас Маратов (48 кг), Досбол Шәміл (57 кг) және Әбілмансұр Ахалбек (68 кг) Азия чемпиондары атанса, Мәрлен Мейірбекұлы (62 кг) мен Аянбек Ибраев (85 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сұлтан Мәулітханов (38 кг), Сұңқар Зарап (44 кг) пен Дамир Ақан (52 кг) қола жүлдені иеленді.

    Енді бүгін қыздар сайысқа түссе, ертең еркін күрес шеберлері жүлделерді сарапқа салады.

     

    Күрес түрлері федерациясы

    ФОТО: Күрес түрлері федерациясы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *