• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астанада теннистен Президент кубогы үшін халықаралық турнирлер өтеді

    23 шілде мен 6 тамыз аралығында Астанада Президент кубогы Forte Series аясында Beeline arena Ұлттық теннис орталығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Биыл Президент кубогы үшін жарыста ел намысын ерлер арасында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенколар қорғайды.

    Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова, Сандуғаш Кенжебаева мен басқа да теннисшілер өнер көрсетеді.

    Бұл турнирде кезінде қазіргі күні әлемдегі үздік теннисшілердің қатарына кіретін Даниил Медведев (ATP №3), Андрей Рублев (ATP №7), Карен Хачанов (ATP №11), Себастьян Корда (ATP № 28), Роман Сафиуллин (АТР №43), Миомир Кецманович (ATP № 44), Макс Перселл (АТР №71) пен басқа спортшылар бақ сынады.

    Президент кубогы 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Әр жылдары қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, австриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Австралия ашық чемпионаты мен «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы, хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионы, қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер үздік шықты.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *