Орта салмақта экс-әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстанға келді.
Бұл туралы боксшысы Сұлтан Зәуірбек әлеуметтік желіде жазды.
Ол Instagram-да GGG-мен түскен суретін жариялады.
Елге Гена ағамызбен қайттық. «Жекпе-жегіңді көрдім» дегенінің өзі қуаныш болды, — деді ол.
Головкин әзірше алдағы уақытта немен айналысатыны туралы ештеңе жоқ. Биыл ол 41-ге келді. Ол өткен жылдың қыркүйегінен бастап шаршы алаңға шықпады. Сол кезде мексикалық Сауль «Канело» Альварестен ұтылған. Ал биыл ол орта салмақта WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА