• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    72 жастағы жиһангез жер шарын жаяу аралағысы келеді

    Қазақстанның бүкіл өңірін жаяу аралап шыққан 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашев енді әлем елдеріне саяхат жасауды ойластырып отыр. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. «Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы өз өмірімде жаңа қадам бастап, жаяу жүріп өттім. Жүрген жерімде мені таң қалдырған, қуантқан және бұрын бастан кешірмеген ерекше эмоцияларға көз жеткіздім. Бірінші экспедициям сәтті аяқталды. Бұл сапарымда жоспарлаған мерзімнен бұрын ...

    Read More »

    Жауынгер жанрдың сардары

    Ғалым Қожабек – менің ауылдасым. Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылында бір мектепте оқыдық. Жалманқұлақ көлінің суын іштік, сол көлдің балығын жеп өстік, сол көлдің ауыл жақ бетіндегі Тақырсуатқа ала жаздай армансыз шомылдық. Бала кезімізде ауылдың шаңын аспанға шығарып, қара терге малшынып доп қуатынбыз. Қыста буымыз бұрқырап жүріп, хоккей ойнаушы едік. Ал басқа кезде сонау жер түбіндегі Алатаудың баурайын ала доп ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

    Бүгін АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Тұғырдан секіру жарысында Данил Васильев қарсылас шақ келтірмей, универсиаданың чемпионы атанды. Отандасымыз кіші трамплинде (К-90) 257.3 ұпай жинады. Алғашқы мүмкіндігінде 127.2 балл, ал финалда 130.1 ұпайға ие болды. Қалған қос медаль австриялық атлеттің еншісінде. Күміс жүлде Максимилиан Линерге, қола медаль Тимон Паскаль Кахоферге бұйырды. ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан хоккейшілері бір тур қалғанда плей-оффқа шықты

    Қысқы универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы төртінші ойынын Словакияға қарсы өткізіп, қарсыластарын 4:0 есебімен ұтты. Осылайша отандастарымыз бір тур қалғанда плей-офф бәсекесіне шықты. Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түсуде. Атап айтқанда, 12 қаңтарда Оңтүстік Кореяны – 5:1, одан кейін Венгрияны – 9:1, Ұлыбританияны 15:1 есебімен жеңді. Бүгінгі ойында Қазақстан құрамасынан Максим Мухаметов (8-минут), Станислав ...

    Read More »

    ММА жауынгері пойыздан өлі табылды

    Аралас жекпе-жек жауынгері Георгии Гаглоев Ростове-на-Дону қаласында пойыз тоқтаған сәтте өлі табылды. Жас спортшы Мәскеуден Владикавказға бет алған, деп хабарлады «КрыльяTV». 24 жастағы жігіттің өліміне не себеп болғаны белгісіз. Ростов-на-Донуға жас спортшының туыстары жолға шықты, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ММА-да Георгий Гаглоев Саймумин «Метро Люблино» Мадиев, Ибрагим Ильясов, Лейва «Виллагра» Даниел Иван секілді спортшылармен айқасынан кейін аты шықты. Үш жекпе-жекте де ...

    Read More »

    Қазақ қыз 100 килодан асатын Олимпиада чемпионын жамбасқа салып жықты

    Бұған дейін Олимпиаданы үш рет жеңген және әлемнің 11 дүркін чемпионы атанған франциялық дзюдошы Тедди Ринер отандастарымызбен бірге Алматыдағы жаттығу жиынына қатысқанын хабарлаған болатынбыз. Осы жиында Ринер ерлер құрамасымен ғана емес, әйелдер командасымен де спаррингтер өткізді. Сол жерде оны дзюдодан Азия чемпионы (2011), грэплинг бойынша Қазақстаннан шыққан бірінші және әзірге жалғыз чемпион (2018) Әйгерім Әбілқадырованың жамбасқа салып жыққаны белгілі болды. ...

    Read More »

    Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды

    Бокстан 19-22 жас арасында 16-27 қаңтар күндері Таиланд елінің астанасы Бангкок қаласында өтетін Азия чемпионатының (U-22) кестесі анықталды. Алдымен 16 және 17 қаңтар күндері техникалық рәсімдер өтіп, жеребе тартылады. Жарыс 18 қаңтар күні басталады. 21 қаңтарға дейін бастапқы жекпе-жектер болады. 22 және 23 қаңтарда жартылай финалдар өтсе, 24-і – демалыс күні, 25-і және 26-сына финал жоспарланған. Қазақстаннан жігіттер 13 салмақ ...

    Read More »

    Рыбакина Австралияның ашық чемпионатын жеңіспен бастады

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Порторож Австралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Осы «Үлкен дулыға» турнирінің 22-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччареттомен кездесті. Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет ойнап, онда Рыбакина жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да ол қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен ұтты. Матч бір сағат 20 минутқа созылды. Осы уақытта ...

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан құрамасы тоғызыншы орында тұр

    Қысқы универсиадада төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынға жайғасты. 14 қаңтарда АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан додада биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиған еді. 15 қаңтарда отандастарымыз жүлдеге іліге алған жоқ. Әзірге бір алтын жүлдемен Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынды Эстониямен бөлісіп тұр. Әзірше жүлдеге іліккен 15 құрама бар. Көш ...

    Read More »

    Универсиадада Қазақстан хоккейшілері Ұлыбританияны ойсырата ұтты

    Хоккейден Қазақстанның студенттер құрамасы АҚШ+тың Лейк-Плэсиде қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Ұлыбритания командасымен кездесіп, 15:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта бірінші болып Батырлан Мұратов есеп ашты. Одан кейін Ұлыбританияның хоккейшісі Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Есеп теңескен соң, Қазақстан құрамасы бірінші  үзіліске дейін 5 шайба салып алға шықты. Мұнда Батырлан Мұратов дубль жасаса, Максим Мұхаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко мен Артем Королев ...

    Read More »