• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Мұсағали Тасқалиев — Асық ату федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі

    Бүгін белгілі журналист, ақын, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы, қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақ спорт және туризм  академиясының құрметті профессоры Мұсағали Тасқалиев  Асық ату федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды.

    Бүгін ұлттық ойынымыз асық ату спортының негізін қалаушы Жомарт Сабыржанұлы ағам екеуміз «Жұлдызай-2023» ұлттық инклюзивті ойындарында Асық ату федерациясының президенті Аслан Сұлтановпен кездесіп, асық ату спортын алдағы уақытта дамыту жөнінде сұхбаттастық.

    Жақында ғана федерацияға басшы болып келген ұлттық спорт жанашыры Аслан Қуанышұлы аз уақыттың ішінде көптеген игі істерді қолға алып жатыр.

    Жомарт Сабыржанұлының ұсынысымен мен ҚР Асық ату федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалдым. Федерация президенті келісімін беріп, бірігіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

    Бұйырса енді Астанаға көшіп келу керек болды.  Қуанышты күндеріміз көп болып, асығымыз әрқашан алшысынан түсе берсін ағайын!, — деді ол.

    Әріптесімізге жаңа қызметі құтты болсын дей отырып, жаңа жұмысы берекесін берсін деп тілейміз!

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *