Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінің В тобындағы сын аяқталды. Әйелдер арасында 500 метрге жарыста Алина Дауранова екінші орын алды. Оның уақыт көрсеткіші – 38.75 секунд. Ерлер арасында 1500 метрге Дмитрий Морозов В тобында жеңіске жетті. Ол сөреден мәреге 1:45.95 секундта жетті. Осылайша, Дмитрий мен Алина келесі кезеңнен бастап таңдаулы конькишілер бақ сынайтын А тобында өнер көрсетеді. ...
Read More »Author Archives: admin
Каратэшілер Индонезиядан олжалы оралды
Индонезияның астанасы Джакарта қаласында аяқталған WKF каратэден А сериясының төртінші кезеңі Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды. Жылдың қорытынды бәсекесіне аттанған ұлттық құраманың 14 кумите шебері 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді иеленіп, жалпы есепте үшінші орын алды. Отандастарымыз ката бағдарламасына қатысқан жоқ. Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта финалға каратэші Әсемгүл Ердәулет пен Гүлмира Үсенова шығып, алғашқысы 3:1 ...
Read More »Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды
Өзбекстанның астанасы Ташкентте семсерлесу мен қылыштасудан жастар арасында Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Семсерлесуден еліміздің әйелдер құрамасы командалық сайыста финалға жетіп, жарыс қожайыны Өзбекстанға есе жіберді. Есеп – 39:45. Ұлттық құрама сапында Александра Тамбовцева, Виктория Кайдарова, Ксения Тимашевская, Наталья Зинякова өнер көрсетті. Жекелей сында бақ сынаған спортшыларымыздың ешқайсысы жүлде ала алмады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Англия құрамасы әлем чемпионатының рекордын жаңартты
Катарда өтіп жатқан әлем чемпинатында Англия құрамасы голға әкелген дәл пастар бойынша әлем чемпионаттарының рекордын жаңартты. Бұл рекорд бесінші голдан кейін тіркелді. Кездесуде ағылшындар бесінші голдан кейін бір-біріне 35 рет дәл пас беріп, Иран командасының қақпасына алтыншы голды салды. Матч 6:2 есебімен Англия құрамасының пайдасына шешілді. Кездесуде Грилиш, Джуд Беллингем, Маркус Рашфорд, Рахим Стерлинг бір-бірден гол салса, Букайо Сака ...
Read More »Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды
Атырауда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні аралас командалық жарыстар өтті. Халықаралық дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес, дзюдошылар алты салмақ дәрежесінде күресті (әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг, ерлер -73 кг, -90 кг және +90 кг). Аралас командалық Қазақстан чемпионатына барлығы 18 команда қатысты. Нәтижесінде Жетісу облысының командасы чемпион атанып, финалда Маңғыстау облысын 4:3 есебімен жеңді. Атырау және Алматы ...
Read More »Алан Құрманғалиев Ливанда жеңімпаз бен жүлдегер болды
Ливанның Джеззин қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Jezzine турнирі аяқталды. Осы додада ол жекімпаз бен қола жүлдегер атанды. Турнирде Алан Құрманғалиев Обад әл-Абдулла (Катар), Карим Шалтун (Иордания), Стивен Морено (Пуэрто-Рико), Беньямин Фараджи (Иран), Реми Шамбе-Вейль (Голландия), Амирмахди Кешаварзиді (Иран) ұтты. Одан кейін 15 жасар қарағандылық (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) 19 жас санатында өнер көрсетіп, қола медальді жеңіп алды. 16 жасар алматылық Абдулла ...
Read More »Ева Корышева Испанияда абсолютті чемпионы атанды
Ева Корышева Испанияда атақты теннисші Хуан Карлос Ферреро академиясында 14 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы Tennis Europe турнирінің абсолютті чемпионы атанды. Додаға АҚШ, Австралия, Румыния, Италия, Германия, Аргентина, Бельгия сынды елдерден мықты ойыншылар қатысып, бақ сынады. Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 13 жасар Корышева жекелей және жұптық сында үздік шықты. Ева жекелей сында финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, мажарстандық Грета ...
Read More »ӘЧ-2022: Жанкүйерлер сыраны талап етіп жатыр
Эквадор құрамасының жанкүйерлері футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатынан кейін Катарға қарсы ойын кезінде сыраны талап еткен. Матчтың бірінші таймында эквадорлық жанкүйерлер «Queremos cerveza» деп айқайлаған. Испан тілінен аударғанда бұл «біз сыра қалаймыз» дегенді білдіреді. Әлем чемпионаты басталардан екі күн бұрын ФИФА стадионда сыра сатуға тыйым салды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» кездесетінін айтты
Орта салмақта Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жылға жоспарын айтты. Ол келесі жылы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен қолғап түйістіргісі келетінін жасырмады. Егер Мунгия келіссе, мен оны нокаутқа түсіремін, иншааллах. 2023 жылы мен «Канеломен» айқасамын. Міне, менің жоспарым. Не болатынын көрейік, — деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де. Осы аптада Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлын «Канелоның ізбасары – Хайме ...
Read More »Жәнібек Әлімханұлы ешкімнен жеңілмеген боксшымен кездеседі
Дүниежүзілік бокс ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық экс-чемпион Хайме Мунгия арасындағы жекпе-жекті бекітті. Бұл шешімді WBO президенті Франциско Валкарсель қазанның соңында айтқан еді. Ал Жәнібек Әлімханұлы 13 қарашада ұлыбританиялық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізді. Мунгия бір аптадан кейін аргентиналық боксшы Гонсало Корияны нокаутқа жіберді. WBO чемпионат комитеті жекпе-жек туралы тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары