• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Канвон-2024: керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында керлингтен ұлттық құрама алғашқы жеңісіне жетті. Ибрагим мен Мерей Тастеміровтер Италияның өкілдері Виттория Майори мен Эллиа Энчелаттиден 10:2 есебімен басым түсті. Бүгін Қазақстан құрамасы Дания командасынан 3:15 есебімен жеңіліп қалды. Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 18-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтын жүлдені Илья Мизерных сыйласа, шорт-трекші Полина ...

    Read More »

    Азия кубогы: Өзбекстан да ширек финалға жолдама алды (ВИДЕО)

    Осы күндері Катарда футболдан Азия кубогы үшін өтіп жатқан турнирде Өзбекстан ұлттық құрамасы да Тәжікстан командасы сияқты ширек финалға шықты. Өзбекстан құрамасы Таиланд елінің өкілдерін 2:1 есебімен жеңіп, ¼ финалға жолдаманы қалтасына басты. Енді ала тақиялы ағайындар жартылай финалға шығу үшін алаң иелері – Катар командасымен күш сынасып көреді. Катар – Азия кубогының қазіргі иегері. Бұл команда ¼ финалда Палестинадан ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Никита Чирюкин — тапаншамен атудан күміс жүлдегер!

    Мысырдың астанасы – Каир қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы жолындағы турнирде 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен ату сайысында Никита Чирюкин күміс жүлдеге ие болды. Ол 31 ұпай жинады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бұл жарыста бас жүлдені Жапонияның өкілі Жонг-Хо Сонг 37 ұпай жинап, жеңіп алды. Үшінші орынды 27 ұпай алған франциялық Флориан Петер иеленді. 21 ...

    Read More »

    Канвон-2024: шаңғымен классикалық әдіспен жеке жарыс аяқталды

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қыздар мен ұлдардан құралған командасы 7,5 шақырымға классикалық әдіспен жарысты. Ұлдар арасындағы бәсекеде Берік Боранбаев 35, Әубәкір Тотанов 40-орыннан көрінді. Жарысқа жалпы есебі 79 спортшы қатысты. Ал қыздар арасындағы сында Виолетта Митропольская 25, Милана Мамедова мәреге 52-ші болып жетті. Жарыс жолына 78 шаңғышы шықты. Бүгін Қазақстан спортшылары  керлингтен сынға ...

    Read More »

    Футболдан ЕЧ: Қазақстан құрамасы«Төрттік турниріне» дайындықты бастады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама беретін матчтарға дайындықты бастап кетті. Еліміздің бас командасы оқу-жаттығу жиынын Түркияда емес, Біріккен Араб Әмірліктерінде өткізетін болып шешілді. Құрама команда БАӘ-де 8 наурызда жиналып, 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық матч өткізеді. Қазақстан құрамасы Араб Әмірліктерінде Еуропа чемпионатына Ұлттар лигасы арқылы берілетін жолдаманы алу үшін дайындалады. 21 наурызда «Төрттік турнирінде» сырт алаңда Грекиямен ...

    Read More »

    Алматыда БАҚ өкілдеріне экологиялық журналистика бойынша курс өтті

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститетінің 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақстандағы экожүйені сақтау және қалпына келтіру: масс-медиа мен әлеуметтік желілердің ықпалы» атты ІІІ журналистерге арналған экологиялық журналистикаға арналған біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын аяқтады.  Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды.  Биыл үшінші рет өтіп отырған іс-шараға БАҚ өкілдері, журналистер, медиа мамандары, Үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистика факультетінің студенттері, магистрантаттары мен ...

    Read More »

    Жеңіл атлет Давид Ефремов Қазақстан рекордын жаңартты

    Астанада жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Astana Indoor Meet турнирі аяқталды. Осы турнирде Давид Ефремов Қазақстан рекордын жаңартты. Olympic.kz-тің хабарлауынша, Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өз рекордын жаңартты. Ол қашықтықты 7,59 секундта жүгіріп өтті. Бұған дейін елдің ең үздік көрсеткіші 7.62 секунд болған. Финалда Ефремов мәреге төртінші болып келді. Қазақстан командасы сапынан Надежда Дубовицкая үздік нәтиже көрсетті. Ол биіктікке ...

    Read More »

    Арқан тартыс федерациясы жұмысын бастады

    Елімізде жаңадан құрылған Арқан тартыс федерациясы жұмысын бастады. Бұл ойын әлемнің 75 елінде ресми спорт ретінде тіркеліп, жүйелі жұмыс істеп келеді. Халықаралық арқан тартыс федерациясы халықаралық Олимпиада комитетімен танылып, бүгінде тасы өрге домалаған спорт түрі болып отыр. Арқан тартыс федерациясының мәліметіне қарағанда, арқан тартыс Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі бағдарламасына енген. Жақында жаңадан құрылған республикалық федерация президенті болып Еркебұлан Ілиясов тағайындалды. ...

    Read More »

    Азия кубогы: Тәжікстан ширек финалға шықты (ВИДЕО)

    Катарда футболдан өтіп жатқан Азия кубогында сенсация болды. Тәжікстан құрамасы 1/8 финалда Біріккен Араб Әмірліктерін пенальти сериясында жеңіп, ширек финалға шықты. Осы додаға Тәжікстан құрамасы алғаш рет қатысып жатыр. Тәжік елінің футболшылары Азия кубогы жолындағы турнирде плей-оффқа өз тобында алаң иелері -Катарды ғана алға жіберіп, екінші орынмен жолдама алған еді. Енді міне, Орта Азия командасы БАӘ-мен ойында негізгі уақытта 1:1 ...

    Read More »

    Канвон-2024: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 17-орында тұр

    Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясының Каннын қаласында қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасының басталғанына 10 күн өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Қазір Қазақстан спортшылары 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 17-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтын жүлдені Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден ұлттық құрама командаларымыз қола медальді жеңіп алған. Бүгін Ұлттық құрама спортшылары ...

    Read More »