• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Теннисші Құламбаева Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты

    Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Таиландтың Нонтхабури қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркеліп, грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска мен жапониялық Юки Наитомен сынға түсті. Құламбаева мен Сакеллариди қарсыластарын 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Енді олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Аустралияның Брисбен ...

    Read More »

    Астанада Олимпиадаға дайындық штабы ашылды (ФОТО, ВИДЕО)

    Астанада Туризм және спорт министрлігі жанынан қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы мен жазғы Олимпиада және Паралимпиялық ойындарға дайындық штабы ашылды, деп хабарлады ведомство. Былтыр 13 желтоқсанда туризм және спорт министрінің спорт сарапшыларының қатысуымен жасөспірімдер Олимпиадасы мен Олимпиялық және Паралимпиялық ойындарға ұлттық құрама командалардың жұмысын ұйымдастыру бойынша штаб құру туралы бұйрығы шыққан болатын. Бұл штаб мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Туризм және спорт министрлігі, ...

    Read More »

    Әмір Омарханов әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына қосылды

    Теннисші Әмір Омарханов ITF-тің 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы рейтингінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына қосылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді. Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға шықты. Виталий Зацепин – 85 (+71), Ілияс Маратұлы – 150 (+93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға (+105) аяқ басты. Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке (51-орын, +15) жақындады. Айя Нұпбай – 168 ...

    Read More »

    Биыл спортшылар бес үлкен жарысқа қатысады

    Биылғы жарыстарды IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы бастап береді. Бұл жарыс 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында болады. Қазақстан спортшылары да қатысады, деп хабарлады Турзим және спорт министрлігі. Қазіргі уақытта ел құрамасында 10 дисциплина бойынша спорттың бес түрінен 30 лицензия бар. 42 спортшы жолдама алды. Биылғы жылдың басты жарысы – Париж қаласында алауы тұтанатын жазғы Олимпиялық ойындар ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары Әзербайжанда 16 медаль жеңіп алды

    Әуесқой бокс: Отандық боксшылар Әзербайжанның Баку қаласында өткен Аббас Агаларовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысып, 16 медаль жеңіп алды. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы және Еуропалық бокс конфедерациясынан келген 97 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Қазақстан боксшылары 4 алтын, 5 күміс және 7 қола жүлдені иеленді. Садақ ату: Грузияның ...

    Read More »

    Рыбакина жаңа жылды жеңіспен бастады

    Теннисші Елена Рыбакина биылғы жылды жеңіспен бастады. Ол Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан Brisbane International WTA 500 турнирінде жарысты екінші айналымнан бастап, корт иесі Оливия Гадекиді жеңді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Бірінші партияда Рыбакина брейк жасап,  6:4 есебімен аяқтаса, екінші сетте қарсыласынан 6:1 есебімен айласын асырды. Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 4 эйс жасап, ...

    Read More »

    Боксшылар «Странджа» турниріне қатысады (ВИДЕО)

    2-12 ақпан аралығында Болгарияның астанасы-  Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Биыл бұл турнир осымен 75 рет жалауын көтереді. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов турнирге қатысатын былғары қолғап шеберлерінің тізімін атады. Олардың арасында жақында Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскер қатарына алынған 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістіріп жүрген әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да ...

    Read More »

    Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтағы» айлығын айтты

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов  Түркияның «Бешикташ» клубындағы жалақысын айтты. Түркиялық клуб басқа да легионерлерінің айлығын жариялады. Footbal Critix мәліметіне қарағанда, Зайнутдинов жылына 1,2 млн еуро табыс табады. Бахтиер Зайнутдинов пен «Бешикташ» арасындағы келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған. Бұл клубта ең көп жалақыны Камерунның шабуылшы Винсен Абубакар алады. Ол жылына 3 млн еуродан астам табыс табады. ...

    Read More »

    Олимпиадаға қай өңірден дзюдошы баруы мүмкін?

    Биыл 27 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның Париж қаласында төрт жылда бір өтетін жазғы Олимпиялық ойындар боалды. Оған жолдама алған дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады. Бүгін біз осы дүрмекті додаға еліміздің қай өңірінен дзюдошы қатысуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Ерлер, -60 кг (рейтинг): 10 орын: Мағжан Шамшадин (Қызылорда обл.); 19 орын: Нұрқанат Серікбаев (Жамбыл обл.); 30 ...

    Read More »

    Біріккен күрес одағының рейтингінде қазақ балуандары көш бастады

    Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова Біріккен әлемдік күрес одағының (United World Wrestling – UWW) рейтингінде көш бастады. Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта бірінші орынға шықса, Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Жәмила да еркін күрестен әлем чемпионатында үш рет медалист болған тұңғыш қазақ қызы. Ал Ризабек ...

    Read More »