• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет тұғырында ару қызымыз – Аружан

    Біздің қазақтың қайсар қыздарының дөңгелетіп алып кетпейтін спорт түрі жоқ шығар, сірә. Тіпті, зілтемір көтеру секілді қыз балаға ауырлау спорт түрлерінде  де қаракөз қыздарымыз әлем ареналарында атой салып, жүлде салып келеді. Сол көптеген спорт түрлері ішінде кәрістің таеквондо спортыннан да бұрымды қыздарымыз құр жаяу емес. Қазіргі кезде ел намысын қорғайтын қыздарымыздың  Азия аймағында алдына жан салмай келе жатқынына бөркімізді лақтырып қуанамыз.

    Жуырда Малайзияның Кучинг қаласында 14-17 жас аралығында өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Аружан Найманбаева 68 кг салмақ дәрежесі бойынша  топ жарып, алтын жүлдеге ие болды. Аружан алдымен Вьетнам елінен келген қарсыласын басымдылықпен жеңген екен. Екінші кездесуінде Иордания елінің спортшысын жеңіп, келесі жартылай жекпе-жегінде  Қытайдың мықты таеквондо шеберімен шығады. Оны да Аружан  өзінің бойындағы қайтпас қазақы қайсар мінезі мен шымыр шеберлігінің нәтиежісінде  жеңеді. Осылайша финалда Иран елінің үкіліп қосқан шеберімен өткен сында алғашқы кезеңінде жеңіліп қалғанымен қалған соңғы екі кезеңде Аружан тізгінді қолға алып,  көзілеспес жылдамдықпен соңғы секундта бастан тепкен тепкісі дәл тиіп жеңіс ұпайын алып, Азия чемпионы атанады.

    Сонымен Аружан Найманбаева Алматы қаласымен қатар жалпы елімізде қыздар арасында тұңғыш рет осындай Азияның алтын жүлдесін жеңіп алған ару болып танылды. Қазақ қызының осындай аламан жарыста алтын жүлдеге ие болуы еліміз үшін үлкен мақтаныш екені даусыз. Аружанның  өрімтал жасына қарамай үлкен биікке жетуіне  жеке жаттықтырушысының үлесі айырықша екенінде сөз жоқ.

    Аружанның бойындағы Алла берген талантын көре біліп, қасында үздіксіз жаттығып тер төккен жаттықтырушысы Төлеген Темірланұлы  Тілеумұратовтың еңбегі зор.

    Төлеген 2011 жылдан бастап бапкерлік жолға түскелі бері көптеген спорт шеберлерін әзірлеп шығарып ұлттық құрамаға бірнеше дарынды ұл-қыздарды дайындап қосқан  білікті маман. Оның арман мақсаты 20028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына талантты спортшыны дайындап жолдаманы ұтып алу екен. Иә, асқаралы арманға толасссыз төккен тер арқылы жететініні белгілі.

    Аружан бүгінгі таңда Қаркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі шаңырағында 11-сыныпта білім алады. Бапкері Төлегеннің қолында айтулы мектеп қабырғасында шеберлігін шыңдап осындай ғажап жеңіске жетіп отыр. Бұл жерде есімдері әлемге танымал  Олимпиаданың алтын, күміс, қола жүлдесін жеңіп алған  Елдос Сметов пен Олимпиаданың күміс медалін иеленген Асхат Житкеев сынды небір тарланбоз таланттар оқып шыққан. Сондықтан да киелі білім шаңырағынан Аружандай таланттардың өсіп шығуы заңдылық деп білеміз. Өйткені, «Толқынды тоқын қуады», демекші, алдыңғы қатардағы аттары әйгілі аға буынның спорттағы даңғыл жолдарын  көріп өскен жас ұрпақ жеңіске ұмтылмай қоймайтыны сөзсіз.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

     

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *