• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Бүгін Астанаға футболдан ұлттық құрама команда келеді

    Бүгін сағат 12.30-да Астанаға Словенияның Любляна қаласынан футболдан еліміздің ұлттық құрама командасы ұшып келеді. Қазақстан құрамасын салтанатты жағдайда қарсы алу рәсімі Н.Назарбаев әуежайында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Футболшыларды күтіп алу рәсіміне туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек қатысады, — делінген хабарламада. Бүгін Қазақстан ұлттық құрама командасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Словения ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Словениядан жеңілді (ФОТО, ВИДЕО)

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Словения командасына есе жіберді. Ұлттық құрама сапында жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бауыржан Исламхан мен Бақтиер Зайнутдинов ойнаған жоқ. Мачта Қазақстан құрамасында алаңға Шацкий, Вороговский, Әліп, Марочкин, Малый, Быстров, Оразов, Қуат, Бейсебеков, Чесноков пен Самородов шықты. Ойында бірінші болып алаң иелері есеп ашты. Мачтың 41-минутында Игорь Шацкийдің қақпасын ...

    Read More »

    Біздің боксшылар өзбектерге қарағанда ақсаусақ — Мырзағали Айтжанов

    Бокстан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов қазақ жігіттерінің өзбек боксшыларынан осал екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «Спорт министрі» YouTube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлады halyq-uni.kz. Жаттығу барысынан бізден асып тұрған ешкім жоқ. Барлық жерде ауызбіршілік бар. Өзбектердің бізден артықшылығы – жігіттері тәртіпті, спортшылары еңбекқор. Үйіне келіп, үй шаруасын істеп, малға қарап, жер аударып жүрген жігіттер. Біз осы жағынан ...

    Read More »

    Ұлттық құраманың ойыншылары үндеу жолдады (ВИДЕО)

    20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Любляна қаласында Астана уақытымен сағат 01.45-те 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты турнирінің аясында Словения мен Қазақстан ұлттық құрама командаларының матчы басталады. Бұл ойында Еурододаға жолдама беріледі.  Қазір ұлттық құрама Н тобының соңғы тур алдындағы турнир кестесінде 18 ұпаймен үшінші орынға жайғасса, Словения құрамасы 19 ұпаймен екінші орында тұр. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін ...

    Read More »

    Теннисші Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингте жеке рекордын жаңартты

    Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Бейбіт Жұқаев 187-орыннан 186-ға көтерілді. Бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр. Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды. Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина ...

    Read More »

    «Реал Мадрид» клубы ойыншылардың жарақатына УЕФА мен ФИФА-ны айыптады

    Футболдан Испанияның «Реал Мадрид» клубының  басшылығы команда ойыншыларының көп жарақат алғанына  Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) наразылық білдірді. Marca журналисі Хавьер Бирланганың хабарлауынша, Мадридтің клубы бұл оқиғаға Испания Корольдік футбол федерациясына (RFEF), Ла Лигаға, Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропалық футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) кінә артып жатыр. «Реал Мадрид» басшылығы күнтізбенің шамадан көп болуының кесірінен ...

    Read More »

    Ташкентте Олимпиада қалашығы салынып жатыр

    Өзбекстанның Ташкент қаласында Олимпиада қалашығы салынып жатыр. Өзбекстан Республикасы президентінің ресми сайтының хабарлауынша, бұл елде 2025 жылы жастар арасында Азия және Пара Азия ойындары болады. Сондықтан Олимпиада қалашығында бұл жарыстар бағдарламасына енген барлық спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалады. Оның ауданы – 100 гектар. Онда 10 мың орындық стадион, 2 мың жанкүйерге арналған велодром, су спорт сарайы, жеке және командалық спорт кешендері ...

    Read More »

    Бокстан жаңа ұлттық құрама команда жасақталады (ВИДЕО)

    Астанада бокстан VI жазғы Спартакиада аяқталып, чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Спарктаиада бір апта бойы Beeline Arena спорт кешенінде жалауын желбіретті. Оның қорытындыысы бойынша 13 салмақта, атап айтқанда 46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг дәрежесінде чемпиондар анықталды. Төрт боксшы екінші рет ...

    Read More »

    Еуропа чемпионатына жолдама алып, халықты қуантамыз — Магомед Адиев

    20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Любляна қаласында футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты турнирінің аясында Словения мен Қазақстан ұлттық құрама командалары кездеседі. Бұл матчта Еурододаға жолдама беріледі. Н тобында Дания құрамасы өз алаңында Словения жасағын 2:1 есебімен жеңіп, бір тур бұрын Еуропа чемпионатына жолдама алып қойды. Қазір турнир кестесінде дат футболшылары 22 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орынға Словения ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын жеңді (ФОТО, ВИДЕО)

    Астанада футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино командасымен ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін ұлттық құрама қарсыластарымен үш рет кездесіп, үшеуінде де жеңіске жеткен еді. Бұл матчтар 4:0, 3:1, 3:0 есептермен аяқталды. Ал бүгінгі матч «Астана Арена» стадионында болды. Оған 30 100 адам жиналды. Стадионда ине шаншар орын болмады. Мачты тамашалауға президент Қасым-Жомарт Тоқаев та барды. Матчта ...

    Read More »