• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: ақпан 2023

    «Соққың жақсы екен»: Президент бокстан әлем чемпионына баға берді (ВИДЕО)

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапарында Степногорск қаласындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне барып, спортшылармен кездесті. Кездесуде мемлекет басшысы спортшылардың ортасында тұрып, фотоға түсейін деп жатқан кезде бокстан әлем чемпионы Дина Жоламанның жұдырығының күшін сынап көрді. Сол жерде ол боксшыға алақанын тосып, оның соққысына баға берді. Соққың жақсы екен, — деп боксшыға айтты. Дина Жоламан — бокстан 2016 жылғы ...

    Read More »

    Кеңес Рақышев жас боксшыларға қомақты сыйақы табыс етті

    Бүгін Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев боксшыларға қомақты сыйақы табыс етті.   Ол былтыр Испанияның Аликанте қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған боксшылар мен жүлдегерлерге қошемет көрсетті. Кездесуде жүлдегерлердің жеке жаттыұ тырушылары да назардан тыс қалмады. Боксшылар имен олардың жаттықтырушылары 20 миллион теңге алды. Біздің жастар құрамасы Испанияда жақсы нәтиже көрсетті. Медальдардың саны бойынша үшінші орын ...

    Read More »

    Қазақстан теннисшілері Азия рейтингінде үздік ондықта жүр

    Азия теннис федерациясы (ATF) мен Tennis Europe 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жариялады. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Еуропа рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында Ярослав Пшеничный 64-орынға шықты. Михаил Мищенко 114-ші, Роберт Каминский 139-сатыға орналасты. Қыздар арасында Ева Корышева 59-орынға көтерілді. Томирис Нұржан — 173, Еркежан Жаңатаева 183-сатыда келеді. Азия рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында Кәрім Темірлан көш ...

    Read More »

    «50 пайызын жаттықтырушыма беремін». Асаубаева шахматтан қанша табыс тапқанын айтты

    18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің жүлделері мен қомақты сыйақылары туралы айтты. Биыл ол Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында екінші мәрте жеңімпаз атанған болатын. Чемпион атанып, кубок пен медальдан бөлек, ақшалай сыйақы алдым. Жасалған келісім бойынша, төлемақының 50 пайызын жаттықтырушыма беремін. Бірінші орынға 40 мың доллар берді. Оның көп бөлігін анаммен бөлістім, – деді ...

    Read More »

    «Алтын доп» сыйлығына үміткер көбейді

    Goal басылымы «Алтын доп» сыйлығына үміткер футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси бірінші орында қалды. Жалпы алғашқы үштік өзгермеген. Екінші орында Франция құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» клубының ойыншысы Килиан Мбаппе, ал үшінші -орында Норвегия құрамасы мен «Манчестер Сити» командасының форварды Эрлинг Холанд тұр. «Барселона» жасағының өкілі Роберт Левандовски (Польша) «Пари Сен-Жермен» клубының футболшысы бразилиялық Неймарды төртінші орыннан төмен ...

    Read More »

    Қазақстан төрешілері алғаш рет WTA 500 турнирінде төрелік етті

    Еліміздің төрешілері алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өткен WTA 500 турнирінде төрелік етті. Диера Әлжанова, Дамир Дүйсенбаев, Әлихан Еркінов және Эльвира Исламғалиева қапталдағы төреші ретінде іріктеу сайыстары ғана емес, финалға да қатысты. Бұл турнирге 44 төрешінің 18-і финалға іріктеп алынды. Bronze badge (қола белгі ақтан бір сатыға жоғары, — ред.) иегері Меруерт Кәукеева іріктеу, ширек және жартылай финал ...

    Read More »

    Қазақстанға Беларусьтен футболшылар қаптап келіп жатыр

    Қазір футболдан Қазақстан чемпионатының 13 клубында Беларусь елінен келген футболшылар ойнап жатыр.  Бұл тізім легионерлердің саны шектелмесе, бұдан да көбеюі мүмкін.   Футбол инсайдері Айдын Қожахметтың айтуынша, елдегі 16 клубтың 13-інде Беларусь чемпионатында доп тепкен футболшы бар. Олардың бәрі премьер-лигада ойнайды. Қазақстанға беларусь ойыншылары жалақыға қызығып келе жатыр. 2000-2019 жылдар аралығында Беларусь футболы Еуропа алаңдарында жақсы нәтиже көрсетті. Мысалы,  Борисов қаласының ...

    Read More »

    Еркін күрестен Әлем кубогына қатысатын балуандар анықталды

    Иранның астанасы Тегеран қаласында еркін күрестен клубтар арасындағы Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. Бұл туралы Күрес түрлері федерациясы хабарлады. Турнир 17-18 ақпан күндері Біріккен күрес әлемінің (WWU) ережесі бойынша болады. Дүрмекті додада Қазақстан балуандары 10 салмақта сынға түседі. Әлем кубогына қатысатын балуандардың тізімі мынадай: 57 кг. Мейрамбек Қартбай (Ақтөбе облысы) 61 кг. Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы) 65 кг. Рифат ...

    Read More »

    Қазақcтанның бірінші ракеткасы Александр Бублик қатарынан 10 рет жеңілді

    Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик халықаралық турнирде тағы да жеңіліп қалды. Ол Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан турнирде бірінші айналымынан шыға алмай, қарсыласы — швейцариялық Стэн Вавринкадан 6:7, 4:6 есебімен ұтылды. Осылайша, Бублик қатарынан оныншы рет жеңіліп қалды. Биыл Қазақстанның үздік теннисшісі әлі бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ. Ол соңғы рет былтыр  27 қазанда Швейцарияның  Базель қаласында өткен турнирде ...

    Read More »

    Талғарда «Аударыспақ» федерациясының І форумы басталады

    Бүгін Алматы облысы Талғар ауданындағы Бесқайнар ауылында «Аударыспақ» федерациясының І форумы басталады. Басқосуда федерацияның жаңа сайланған президенті М. Жұман ұйымның өңірлердегі өкілдерімен, төрешілермен және спортшылармен кездеседі. Жиынға Ұлттық және ат спорты түрлері РМҚК-ның вице-президенті Б.Сәбитов пен Аударыспақ федерациясының директоры С.Хандуллаев қатысады. Іс-шара аударыспақ ұлттық спорт ойынын 2027 жылға дейін дамыту және насихаттау, еліміздің спортшыларын 2024 жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік ...

    Read More »