• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «50 пайызын жаттықтырушыма беремін». Асаубаева шахматтан қанша табыс тапқанын айтты

    18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында өзінің жүлделері мен қомақты сыйақылары туралы айтты.

    Биыл ол Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында екінші мәрте жеңімпаз атанған болатын.

    Чемпион атанып, кубок пен медальдан бөлек, ақшалай сыйақы алдым. Жасалған келісім бойынша, төлемақының 50 пайызын жаттықтырушыма беремін. Бірінші орынға 40 мың доллар берді. Оның көп бөлігін анаммен бөлістім, – деді жас шахматшы.

    Онымен сұхбатқа бірге келген анасы Лиана Таңжарықованың айтуынша, Бибісара шахматпен 4 жасынан бастап айналысады екен. Бір жасында анық сөйлеп, 30-дан аса өлең шумақтарын жатқа айтатын болыпты.

    Әпкем карта ойнауды, әкем шахмат ойнауды үйретті. Төрт жасында үйірмеге барғанда жасы кіші болғандықтан қабылдамай қойды. Қызыма бұл жолдың ауыр, қиындыққа толы екенін ескерттім. Бүгінде 14 жыл шахматпен қол үзбей жаттығып келеді, – деді анасы.

    Жақында шахматшы Мәскеуге барып, белгілі гроссмейстер Сергей Карякинді жеңген болатын.

     

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *