• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 01.06.2025

    Дастан Сәтпаев ұлттық құрама мен жастар құрамасына шақырту алды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының ойыншысы, жас талант Дастан Сәтпаев 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына да шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман айтты. Оның айтуынша, футболшы әуелі ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатысып, одан кейін Қазақстан U-21 құрамасына қосылады. 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорраға қарсы матчқа дайындалады. Бұл ойын 5 маусымда сағат 19:30-да «Астана ...

    Read More »

    Жеті жүлде! Қазақстан үстел теннисінен Өзбекстаннан озды

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдені иеленді. 19 жасқа дейінгі жастар арасында бірінші орынды Алан Құрманғалиев жеңіп алды. Осы санатта Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова аралас жұптар жарысында топ жарса Аделя Алжанова 11 жасқа дейінгі балалар додасында бірінші орынға шықты. Күміс жүлдені Назерке Болатбек ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан төртінші орын алды

    Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты мәреге жетті. Бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Алтын жүлдеге Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру, 5000 метр) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) ие болды. Биіктікке секіруде күміс медальді Елизавета Матвеева иеленді. 20 шақырымдық спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева мен 3000 метр кедергілер арқылы жүгіруде Дейзи Джепкемей қола жүлдені қанағат ...

    Read More »

    «Ролан Гаррос»: Бублик тұңғыш рет төртінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол дүниежүзілік рейтингіде 200-орында тұрған 21 жастағы португалиялық Энрике Рошамен ойнап, қарсыласын 6:1, 7:5, 6:2 есебімен оңай жеңді. Бір сағат 41 минутқа созылған матчта Бублик 9 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Осылайша, топырақ төсенішіндегі кортта ойнауды онша құп көрмейтін Бублик биыл сәтті ...

    Read More »