Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Иван Иванов ядроны лақтырудан үшінші орын алды. Бірінші және екінші орынды Қытай спортшылары иеленді. Азия додасына 17 елден 121 қатысып жатыр. Жарыс 22 тамызда аяқталады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Monthly Archives: тамыз 2025
Алматыда амброзия гүлдеді. Маусымдық аллергияның шарықтау кезеңін қалай жеңіл өткізуге болады?
Алматыда амброзияның гүлдеуіне байланысты маусымдық аллергия өршіп тұр. Әдетте ол шілденің соңы мен қазан айының аралығында байқалады, тамыз-қыркүйекте шарықтау шегіне жетеді. Амброзия ең күшті аллергендердің бірі саналады. Аллергияның белгілері: мұрыннан су ағу, бітелу, түшкіру, көздің қышуы мен қызаруы, тері бөртпелері, сондай-ақ бронх демікпесінің асқынуы мүмкін. Ауруды жеңілдету жолдары туралы «Оқ-Жетпес» «Алматы» емдеу-сауықтыру кешенінің терапевт дәрігері Жәнібек Зейналғабды айтып берді. – ...
Read More »Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте Азия чемпионы атанды. Спортшы 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады. Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ шықты. Үшінші орынды оңтүстіккореялық Пак Хаджун иеленді. Ол 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Еркін күрестен U20 ӘЧ: Қазақстан балуандары бес медальмен келе жатыр
Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында еркін күрес балуандарының күресі аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бес медаль жеңіп алды. Оның біреуі алтын жүлде. Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) әлем чемпионы атанды. Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) мен Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола ...
Read More »Әйелдер күресінен U20 ӘЧ: Анна Стратан қола жүлдегері атанды
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды. Финалда Стратан Швецияның спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Анастасия Молчанова — XVI Азия чемпионатының қола жүлдегері!
Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына стенд атудан алғашқы жүлделер түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Скит бағдарламасында әйелдер арасында тәжірибелі Анастасия Молчанова үшінші орын алды. Ұлттық құрама команданың спортшысы финалда 45 ұпай жинады. Финалдың нәтижесі: Цзян Ютин (Қытай) — 57 ұпай Че Юфэй (Қытай) — 56 ұпай Анастасия Молчанова ...
Read More »Silk Road to Tokyo: Қазақстан жеңіл атлеттері төрт алтын жүлде алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Silk Road to Tokyo WA Continental Tour Bronze халықаралық турнирінде төрт рет еліміздің әнұранын ойнатып, туын жебіретті. Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) мен Артур Гафнер (найза лақтыру) турнирдің жеңімпазы атанса, әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Александра Залюбовская, Аделина Земс, Виктория Ан мен Ирина Конищева және аралас 4×400 метрлік эстафетада Алмат Төлебаев, ...
Read More »Қазақстан құрамасының Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының жалпы тізімі
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев қыркүйек айында болатын Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 37 ойыншы енді. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»); Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек ...
Read More »Еркін күрестен U20 ӘЧ: Камиль Куруглиев — күміс жүлдегер!
Камиль Куруглиев еркін күрестен Болгарияның Самоковта қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шығып, күміс жүлдегер атанды. Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстанның балуаны Шерзод Поеновпен күресті. Тартысты белдесуде Поенов 3:2 есебімен жеңді. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) әлем чемпионы атанса, Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 ...
Read More »Еркін күрестен ӘЧ: Қазақстан қоржынында бір алтын, екі қола жүлде!
Еркін күрес балуандары әлем чемпионатында бір алтын, бір қола жүлде алды. Осы күндері Болгарияның Самоков қаласында еркін күрестен әлем чемпионаты болып жатыр. Күні кеше басталған дүрмекті додада еркін күрес шебері Едіге Қасымбек U20 санатында әлем чемпионы атанды. Ол финалда Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді. Ал, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) пен Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола ...
Read More »