• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: тамыз 2025

    Күрестен ӘЧ: Арсен Жұма — қола жүлдегер!

    Арсен Жұма грек-рим күресінен Болгарияның Самоковта қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Балуан үшінші орын үшін күресте Қырғызстан спортшысы Омур Ынтымак уулун тізе бүктірді. Бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдені иеленген болатын.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    «Қайрат» футзалдан суперкубоктың иегері!

    Бүгін Орал қаласында футзалдан Алматының «Қайрат» клубы мен Семейдің «Семей» командасы Қазақстан суперкубогын сарапқа салды. Бұл матчтың ерекшелігі, футзал тарихында алғаш рет суперкубок ойыны Батыс Қазақстан облысында болды. Командалар жаңа әрі заманауи спорт кешенінде күш сынасты. Былтыр «Қайрат» «Семейді» 3:1 есебімен жеңіп, суперкубоктың иегері атанған еді. «Қайрат» бұған дейін 11 рет суперкубокты жеңіп алған. Алматының клубынан кейін «Ақтөберентген» командасы екі ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Диас Сейітқалиев U20 санатында күміс жүлдегер атанды

    Балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрмет тұғырының екінші сатысына көтерілді. Финалда Сейітқалиев Михаил Шкаринге 1:4 есебімен жеңілді. Осылайша, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Енді ертең  Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Мергендер Азия чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

    16–30 тамыз аралығында Шымкент қаласында нысана көздеу спортынан өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Қазір ұлттық құрама команда 9 медальді атап айтқанда, 2 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлдені жеңіп алды. Елімізге алғашқы алтынды Ислам Сатпаев сыйлады. 10 метрлік пневматикалық винтовка жаттығуының финалында Алматы қаласының өкілі, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері қытайлық және кореялық қарсыластарын ...

    Read More »

    Стенд атудан Қазақстан құрамасы – Азия чемпионатының күміс жүлдегері!

    Стенд атудан Шымкент қаласында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан-1 командасы екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Аралас жұптық сында Қазақстан-1 командасы екінші орын алды. Скит бағдарламасында тәжірибелі Анастасия Молчанова мен Эдуард Ещенко жұбы аса тартысты өткен финалда Қытай-2 құрамасына (Хан Сюй, Цзян Итинь) есе жіберді Есеп: 40-42. Осы жаттығуда қола жүлдені Қатар мен ...

    Read More »

    Иван Иванов — Азия чемпионатының қола медалисі!

    Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Иван Иванов ядроны лақтырудан үшінші орын алды. Бірінші және екінші орынды Қытай спортшылары иеленді. Азия додасына 17 елден 121 қатысып жатыр. Жарыс 22 тамызда аяқталады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА    

    Read More »

    Алматыда амброзия гүлдеді. Маусымдық аллергияның шарықтау кезеңін қалай жеңіл өткізуге болады?

    Алматыда амброзияның гүлдеуіне байланысты маусымдық аллергия өршіп тұр. Әдетте ол шілденің соңы мен қазан айының аралығында байқалады, тамыз-қыркүйекте шарықтау шегіне жетеді. Амброзия ең күшті аллергендердің бірі саналады. Аллергияның белгілері: мұрыннан су ағу, бітелу, түшкіру, көздің қышуы мен қызаруы, тері бөртпелері, сондай-ақ бронх демікпесінің асқынуы мүмкін. Ауруды жеңілдету жолдары туралы «Оқ-Жетпес» «Алматы» емдеу-сауықтыру кешенінің терапевт дәрігері  Жәнібек Зейналғабды айтып берді. – ...

    Read More »

    Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

    Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте Азия чемпионы атанды. Спортшы 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады. Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ шықты. Үшінші орынды оңтүстіккореялық Пак Хаджун иеленді. Ол 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Еркін күрестен U20 ӘЧ: Қазақстан балуандары бес медальмен келе жатыр

    Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында еркін күрес балуандарының күресі аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бес медаль жеңіп алды. Оның біреуі алтын жүлде. Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) әлем чемпионы атанды. Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) мен Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола ...

    Read More »

    Әйелдер күресінен U20 ӘЧ: Анна Стратан қола жүлдегері атанды

    Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдені жеңіп алды. Финалда Стратан Швецияның спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »